Қазақстанда да жер сілкінді

0 404

Шымкентте 2-3 баллдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы СОМЭ сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Жерасты дүмпулері Алматы уақыты бойынша 19.02-де тіркелді.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай Қазақстан аумағында 628 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 11,7. Магнитудасы MPV 5,4. Эпицентр координаттары — солтүстік ендік 42,72° және шығыс бойлық 69,24°. Тереңдігі — 5 км. Шымкенттегі жер сілкінісі 2-3 баллдық болған», – делінген хабарламада.

Жер сілкінісі Тараз қаласында да – 2 балл және Темірлан ауылында – 3 балл (Түркістан мен Шымкент арасындағы елді мекен) болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.