Таразда қала әкімінің өкімімен дизайн-код бекітілді

0 204
Аталмыш құжат арқылы шаһар аумағындағы қала құрылысының регламенті бекітілді.
Яғни, бұдан былай қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған және енді ашылатын бизнес, салынатын құрылыс нысандары бекітілген дизайн-кодты сақтауы қажет.
Аталмыш жоба бұған дейін қоғам белсенділерінің назарына ұсынылып, талқылаудан өткен болатын.
Дизайн-код – бұл стилистикалық тұрғыдан бірыңғай, ыңғайлы және қауіпсіз қалалық ортаны қалыптастыруда қолданылатын ережелер мен нұсқаулар.
Бұл термин қалалық интерьердің архитектуралық-көркемдік көрінісін қалыптастыратын және қолайлы жағдай туғызатын барлық элементтерді қамтиды: тартымды ғимарат қасбеттері, ыңғайлы жаяу және велосипед жолдары, ақылды орналастырылған ақпараттық және жарнамалық құрылымдар, айқын навигация элементтері, кішігірім архитектуралық формалар.
Дизайн кодының жобасы — негізгі параметрлері «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген бірыңғай архитектуралық стильді жүзеге асырудың құралы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.