Таңқурайдан келер пайда көп

0 154

Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету аясы кеңейген сайын, ел ішінде кәсіппен айналысатындар саны да артып келеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында бүгінгі таңда таңқурай шаруашылығының көкжиегі кеңейіп келеді. Оның үстіне облыс әкімі әр кез тұрғындардың таңқурай, малина секілді жеміс-жидек өсіргендерге қолдау көрсетіллетінін айтуда. Сондықтан шығар, өңірде бүгінде жеміс-жидек, бау-бақша дақылдарын егумен айналысушылардың саны артып келеді.

Мәселен Меркі ауданының тұрғыны Нұржан Жылқыбай 2017 жылдан бері таңқурай шаруашылығымен айналыса бастаған. Бірақ әу баста шаруашылықтың қыр-сырын меңгермегендіктен, шаруасы бірден дөңгелеп жүріп кетпепті. Сондықтан мемлекеттік қолдау аясында грант алып, ісін әрмен қарай жүргізуге оқталады. Сөйтіп бірден қолда бар жиған тергенінінің бас аяғын құрастырып, 5 гектар жер сатып алады. Ал оған сапалы таңқурай көшеттерін алып келіп отырғызады. Бірақ бағбан болу да оңай емес. Оны отырғызу бір бөлек те, бағып-баптау мен күтіп-қарау бөлек әңгіме. Түсім алу да оңайға соқпайды.  Соның бәрін ескере келе кәсіпкер быиыл «Тараз» ӘКК» АҚ-дан 20 миллион теңге көлемінде несие алады. Бүгін кәсіпкер бұл қаржының қарымтасын қайтару жолында барын салып еңбектеніп, тау етегіне еккен таңқурайларын бағып баптауда.

Қазіргі таңда өз шаруасын жүргізіп отырған кәсіпкер алғашқы жемістерін жиым терімге де кірісіп кетті. Ол өз тажірибесімен бөліскенде, «бабын тапса әрқандай кәсіптен ақша жасай алады, мен бірден бұл кәсіпті бастап кеткен жоқпын.  Осыған дейін алматы сияқты үлкен қалалардағыф кәсіпкерлердің шаруашылығына бардым, олардың әңгімесін тыңдап, тажірибесін көру арқылы өзім де осы қадамға барып, сол жақтан таңқурай жемістерінің көшеттерін көшіріп алып келіп отырғыза бастадым. Бұл жемісті шынайы бағып баптап қарағандар оның түрлі тәсілдерін біледі жеміс алатын. Әрі бұл елімізде денсаулыққа пайдалы жасыл өнім болғандықтан, оның бағасы да түрлі деңгейде шарықтап тұр. Әрі бұл бір мезгілдік ғана емес, жақсы қарап, бағып баптай алса бір жаздың өзінде бірнеше рет жеміс береді. Сондықтан да мен таңқурай алқабымды тіпті де көркейту үшін «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы несие алдым. Сол тәуекелшілдігімнің арқасында қазір алғашқы жемісін де ала бастадым.  Мысалы қазірге дейін гектарына есептегенде 2 тоннадан аса өнім алдым.  Ал осы түскен өнімнің әр келеграмын жергілікті тұрғындарға жаздыкүні 1500 теңгеден, қыста болса одан да жоғары бағада өткерудеміз» дейді. Мінеки «еңбегің қатты болса татқаның тәтті болады» деген халық даналығы осындайда қолданса керек.  ал өнім алып отырған шаруашылық иесі тек мұнымен ғана шектелмей енді таңқурай көшеттерін сапалыландырып, жер көлемін де тағы бес алты гектар ұлғайтып, әр гектардан түскен өнімді де қазіргіден екі үш есе жоғары түсіммен түсірсек деген ниетте. Сонымен қатар өзі өндірген таңқурайдың көшеттерімен қоса, жапырақтарында саудаға шығаруды көздеп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.