Табысты жоба тұрғындарға тиімді

0 263

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы іске асырылуда. Қанатқақты жобаның Жуалы ауданында жүзеге асқанына міне биыл екінші жылдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде жоба ауданға не берді? Оның пайдасы қандай болды? Тұрғындар қаржыны мақсатты жұмсап, тұрмыстық деңгейін арттыра алды ма?

Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рақымғазы Құниязов Ақтөбе ауылдық округінің экономикалық-әлеуметтік дамуына, әлеуетінің артуына пилоттық жобаның септігі тигенін айтады.

Оның айтуынша, «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасының бес бағыты бойынша Ақтөбе ауылдық округінің 194 ауыл тұрғындары 579 599 мың теңгеге несиелендірілген.

Бірінші бағыт бойынша ауылдық округте 68 гектар жері бар 444 аула жоспарға сәйкес көкөніс еккен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 23 гектарға (142 аула) ұлғайған.

Кооператив үй іргесіндегі 220 аулаға (жер айдау, тырмалау – 2000 теңге) жерін жырту қызметтері үшін аула иелерімен келісімшартын жасай отырып, 440 000 теңгеге техникамен қызмет көрсеткен.

Үй іргесінен 1317 тонна (199 тонна қызанақ, 920 тонна картоп, 198 тонна қырықабат) өнім жиналған. Жиналған өнімнің 395,1 тоннасы ішкі тұтынуына жұмсалса, 921,9  тоннасы сатылған. Жиналған өнімнің барлығы ауыл тұрғындары өз тараптарынан және кооператив арқылы сатылған.

Екінші бағыт бойынша  пилоттық округте 2347 мал басын сатып алуға 191 ауыл тұрғыны несиемен 559 139 мың теңгеге қаржыландырылған. Сатып алынғаны 2347 бас. Алынған малдың 100 пайызы орындалған. Барлық мал басы бірдейлендіру дерекқорында тіркелген.

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес пилоттық округте 363 тонна ет, 254,8 тонна сүт өндірілген.

2019 жылдың 1 желтоқсанына Ақтөбе ауылдық округінде барлығы 13718 мал басы тіркелінген, 2020 жылы малы басы 85%-ке ұлғайған.

Округ бойынша ет өндірісі 2020 жылдың қорытындысы бойынша 909 тоннаны құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,5%, сүт өндірісі 254 тонна 86,6%-ға ұлғайған.

Үшінші бағыт, яғни тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалануы бойынша ауыл сыртындағы жерге егілген егіс көлемі жоспарға сәйкес 1423 гектар жерге шаруа қожалықтарымен бірігу арқылы 1045 гектар арпа, 50 гектар жүгері, 328 гектар көпжылдық шөп егілген.

Төртінші бағыт бойынша кооперативтерді жабдықтау және құру бағытында 19 дана ауыл шаруашылығы техникалары лизинг жүйесімен сатып алуға жергілікті бюджеттен 93 860 мың теңгеге 5%-пен несиелендіріліпті. Алынған 19 дана техникаларға республикалық бюджеттен 19 845 мың теңге, жергілікті бюджеттен 19 845 мың теңге инвестициялық субсидия төленген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.