«Сөйлей де алмайды»: Болат Назарбаевтың туыстары ашық сұхбат берді

0 1 791

Болат Назарбаевтың ең үлкен қызы мен азаматтық некедегі қазіргі әйелі эксклюзивті ақпарат беру үшін үйіне арнайы шақырды деп хабарлайды Экспресс К.

(Гүлмира Болатқызы соңғы жылдары әкесінің артынан ерген сөздерге қатысты сұхбат берді. Сұхбатта Болат Назарбаев қаңтар оқиғасы кезінде қайда болды, бизнеске рейдерлік жасады ма, теріс айналған «достары» кім тағы басқа көптеген сұрақтарға жауап берді. Көлемді сұхбат жақын күндері сайтымызға шығады)

Болат Назарбаев туған ауылы Шамалғанда өз шаңырағында ем қабылдап жатыр. Үйінің аумағында ешқандай полиция немесе арнайы күзет өкілдері байқалмады. Науқас әкесінің қасында тұңғышы Гүлмира Болатқызы мен қазіргі әйелі Динара және (Болат Назарбаевтың қанша баласы бар, қанша әйелмен тұрғаны жайлы эксклюзвті сұхбатын күтіңіздер) емдеуші дәрігер бар.

Қызы Гүлмира Болатқызы: «Әкем 2015 жылы бүйректің созылмалы обырына шалдықты. Біраз уақыт ауыр сырқаттан соң Израильдағы ауруханалардың бірінде бір бүйрегін алып тастап, донордың көмегіне жүгіндік» дейді.

Осы уақыттан бастап барлық бизнестен, істен бас тартып тек денсаулықтың қамымен жүруге мәжбүр болды дейді жақындары. Себебі дәл сол кезде клиникалық өлім жағдайына түскен.

Гүлмира: «Қазір халықтың арасында неше түрлі қауесет жүр. Қызы ретінде айтайын, осы созылмалы дертке шалдыққан 2015 жылдан бері әкем барлық шаруаны сенімді серіктеріне өткізіп берген. Олар не істеп жүргенінен хабарсыз. Яғни сол кезден бастап тек ем шарамен, қайырымдылықпен және ағайын-туыспен ғана араласады».

Болат Назарбаев сөйлеуден қалған. Себебі «2021-дің жазында әкем көмей обырына шалдықты» дейді Гүлмира Болатқызы. Аяқ астынан анықталған індетті емдеу үшін Германияға, Израильге барған. Сол жерде жарты жыл қаралғанымен, әсері болмапты. Сондықтан дәрігерлердің қарсылығына қарамастан ең үлкен үш баласы және қазіргі жұбайының кеңесімен Алматыға әкелу туралы шешім қабылдаған.

Бүгінде дәрігерлер 69 жастағы Болат Назарбаевтың хәлі нашар деп отыр. Қатерлі көмей обырынан бөлек, 4-ші сатылы созылмалы бүйрек ауруы, қант диабеті, 3-ші сатылы жүрек қысымы (гипертензия) індеті бар. Өздігімен тамақ іше алмайды.

Болат Назарбаевтың баспанасы қазір кішігірім ауруханаға айналған. Қазір қандай ем шара қабылдап жатқаны және туыстарының келісімімен тұңғыш рет үйінің ішіне шолу жасау мүмкіндігі туды.

Айта кетейік, Болат Назарбаевтың жағдайын сұрау үшін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев та маусым айында туған ауылына арнайы келген. Қазіргі жолдасы Динара: «Үлкен кісі маусым айының 15-нде арнайы келіп, інісінің жағдайын сұрап кетті. Аурумен күрес деп тапсырды» дейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.