Құлыбаев қазақстандық 2 ірі компанияны Ресейге сатып жіберген

0 3 530

Ресейлік инвестор әрі кәсіпкер Алексей Лебедев қазақстандық «Қамқор Локомотив» ЖШС және «Қамқор Вагон» ЖШС компанияларын сатып алды. Ресейлік БАҚ «Қамқор Локомотив» компаниясының өз баспасөз хабарламасына сілтеме жасайды. Бірақ бүгінде ұйымның дереккөзінде мұндай ақпарат жоқтың қасы, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Алексей Лебедев — құпия сатып алушы, ол туралы жалғыз ақпарат 2009 жылдан басталады. Баспасөз хабарламасында оның Ресей теміржол жүйесінде 10 жылдан астам жұмыс істегені, оның ішінде тартқыш дирекциясы бастығының орынбасары болғаны айтылған. Соңғы жылдары Лебедев MT Industrial Operator көлік-экспедиторлық компаниясын басқарған.

Orda.kz тілшісі Лебедевтің теміржол әлеміндегі соңғы адам емес екенін анықтап көрді. Осылайша, 2022 жылдың шілдесіне дейін ол көп пайда әкелмеген сегіз компанияның басшысы ретінде тіркелді.

Компанияның мәліметінше, инвестор сатып алынған кәсіпорындардың техникалық жағдайын жоғары бағалады және технологиялық әзірлемелерді, адам ресурстарын және сатып алынған активтердің коммерциялық портфелін сақтауды жоспарлап отыр.

Сонау 2022 жылдың ақпанында біздің дереккөз «Қамқор Менеджмент» ЖШС (холдингке 9 компания кіреді, оның ішінде «Қамқор Локомотив» ЖШС және «Қамқор Вагон» ЖШС бар) акцияларының басым бөлігін иеленетін Тимур Құлыбаев оны ресейлік холдингке сатуды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Мәміленің болжамды сомасы 24 млрд теңгені құрады, ал «Трансмашхолдинг» әлеуетті сатып алушы болды.

Еске салайық, Құлыбаев қазақстандық теміржолдарды ресейлік холдингке сатпақ болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.