Шулықтар Маңғыстау өңіріне тағы да 5 вагон сығымдалған шөп жібермек

0 185

Шулықтар Маңғыстау өңіріне тағы да 5 вагон сығымдалған шөп жібермек. Дәл қазір шөп тиелген вагондар батыс өңіріне бет алуға дайын тұр,- дейді ұйымдастырушылар. Қысыл-таяң шақта батыстағы ағайынмен барын бөліскен шулықтардың қарасы қалың болды. Әр ауылдық округтерден маңдайшасына «Маңғыстаулықтармен біргеміз» деген сөз жазылған жүк көліктерінде тыным болған жоқ. Шөп бере алмаған шулықтар қол көмегін созып, өнегелі істің үлкен үлгісін көрсете білді. Аталған көмек Маңғыстау облысының Шетпе, Жетібай станциясына жеткізілетін болады.
Айта кету керек, бұған дейін Шу ауданынан 2 вагонға тиелген шөп Қызылорда облысының Сексеуіл елдімекеніне жіберілген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.