Шулық ардагерлер Түркістанға жол тартты

0 390


«…Түркістан үшін қазақ халқының қаны көп төгілген, ол оның ең қасиетті орны. Үш жүз жылға жақын уақыт қазақ хандарының тұрағы – астанасы болған. Онда халқымыздың асыл азаматтары, ең қалаулы ұлдарының сүйегі жатыр. Оны қастерлемесек болмайды. Түркістанда облыс орталығы құрылса жақсы болар», — деп белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков пікір білдірген екен.
Иә, заманы туып облыс орталығына айналған қастерлі шаһар енді ұлтымыздың рухын көтеретін келешегі кемел Түркістанға айналып отыр. Расында, бүгінде бұл қаситетті өлкені көргенде арманда, көрмеген де арманда. Алып туристік өлкеге айналған өңірге тек еліміздің ғана емес шет мемлекеттерден де туристер ағылып жатыр.
Шу ауданының әкімі Нұржан Календеров те жақсы бастама көтеріп, шулық ардагерлерді жинап, арнайы автобус көлігін жалдап, киелі Түркістанға туристік сапарға шығарып салды.
— Түркістан киелі өлке. Қазіргі таңда өзінің таңғажайып туристік көркімен тамсандыратын өңір сіздерге керемет рухани демалыс сыйласын. Сіздердің амандықтарыңызды тілеймін. Амандықта жолығайық, — деп аудан басшысы ақсақалдарға ақ жол тіледі.

— Нұржан Сәбитұлының ұйымдастыруымен тарихы тереңде жатқан, «Екінші Мекке» атанған қаситетті өлкеге, Түркістанның тынысымен танысқалы отырмыз. Қасиетті өлкеге көбіне жұртшылық арман тілегін арқалап барады. Сол секілді біз де Түркістанның киелі жерлерін аралап, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің есенді болуын тілейміз,- деп ойымен бөлісті аудандық ардагерлер кеңесі ұйымының төрағасы Доғдырхан Байбатшаев.
Атап өтерлігі, «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылған туристік сапарға ауданнан 20 ардагер аттанды. Олар Отырар қаласындағы Арыстан баб кесенесінен бастап Қожа Ахмет Яссауи, Ақмешіт, Домалақ ана, Айша бибі кесенелеріне де зиярат етіп қайтпақшы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.