Шешім қабылданды: Енді ресейліктер Қазақстанда емін-еркін жүріп-тұра алады

0 8 395

Ресей халқына 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Моңғолия елдеріне емін-еркін жүріп-тұруға рұқсат берді, деп хабарлады “Адырна” тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ресейдің коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жедел штабының хабарлауынша, енді шетелде жұмыс істегесі келетін кез келген азамат Қазақстан мен Моңғолияның шекарасын аттап басып, емін-еркін жүре алады. Бұған дейін Ресейде індеттің кеңінен таралуына байланысты шекара уақытша жабылған болатын.

Қазір осы мәселе әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Қазақстан азаматтарының көбісі өздерін ресейлік мамандардың жұмыс орындарынан ығыстырып, тартып алулары мүмкін екенін айтуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.