1 литр сүтті 14,5 млн теңгеге сатып алмақшы болған шенділер анықталды

0 792

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің қызметкерлері Қызылорда облысында тексеріс жүргізіп, бірқатар заңсыздықтарды алдын алды, деп хабарлайды kaz.orda.kz.

Шиелі аудандық білім бөлімінің басшылығы 1 литр сүтті 14,5 млн теңгеге сатып алмақшы болған. Тексерістен кейін сүттің бағасы бірден 223 теңгеге дейін түскен.

Сондай-ақ, Қармақшы аудандарының біріндегі мектеп балаларға 1 млн-ға куртка алмақшы болғаны анықталды.

«Қармақшы ауданының № 275 орта мектебі балаларға 125 қысқы куртка сатып алмақшы болған. Әр куртканы 1 670 143 теңгеге бағаланғаны белгілі болды. Сөйтіп, білім ошағы бұл мақсатқа 208 миллион теңгежұмсамақшы болған. Біздің ұсынысымызға сәйкес тауар құны 16 701 теңгеге дейін төмендетілді. Ал жалпы сатып алу сомасы 2 миллион теңге болды. Осылайша, 206 680 197 теңге мемлекеттік қаражат қайтарылды» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғалия Әлімқұлова.

2022 жылдың екі айының қорытындысы бойынша 17 мекемеге жіберілген ұсыныстардың нәтижесінде 351 230 304 теңгені құрайтын бюджет қаражаты үнемделген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.