Шалғай ауылдар ауыз судан тарықпайды

0 186

Мойынқұм ауданындағы ауыз су мәселесі жыл өткен сайын оңтайланып келеді. Бұл мәселе мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүйелі жүзеге асырылып жатыр. Өйткені ауыз судың сапасы қай кезде болмасын маңызды. Қазақта «Отын олжа-су қорлық» деген сөзде бекер айтылмаса керек.

Бұған дейін бірнеше ауылға үкіметтің «Ауыз су», «Ақбұлақ» бағдарламалары бойынша таза ауыз су жүйелері тартылып, берілген болатын. Бұл жұмыс биылда өз жалғасын тауып отыр. Биылғы жылы  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Қарабөгет — Сарыөзек ауылдарын сумен жабдықтау және су тарату құрылысы» нысаны бойынша республикалық және облыстық бюджеттерден 742,9 миллион теңге қаржы бөлініп, облыстық энергетика басқармасы арқылы конкурсқа салынған болатын.

Бүгінгі таңға бірқатар жұмыстар атқарылып және атқарылуы тиіс жұмыстарда жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, Қарабөгет ауылына — 5,7 шақырым су құбыры және 4,121 шақырым абонеттік су құбырлары, Сарыөзек ауылына — 3,116 шақырым су құбыры және 1,137 шақырым абонеттік су құбырлары жүргізілген. Бүгінгі таңға 4 ұңғыма 117 метрден ұңғылау және тазарту жұмыстарымен бірге Қарабөгет,  Сарыөзек су қабылдау имараттары 4,3 шақырым электр желісі және 3 дана трансформатор орнатылған. Сондай-ақ Қарабөгет ауылындағы №2 насосты станцияның, бактерицид бетонды ірге тастары құйылып, Қарабөгет және Сарыөзек ауылдарынан ұңғымаларға жалпы 11 шақырым магистралды су құбырлары тартылыпты.

Аудан әкімдігінің тұрғын үй, коммунамлдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ж.Исақовтың айтуынша қазіргі таңда Қарабөгет ауылындағы 50 шаршы метр су мұнарысының бетон қабаты құйылып, Сарыөзек ауылындағы имараттағы резервуар су мұнарасының және №2 су қабылдау насосты станциясының негізгі қабаттарын нығыздау және монолитты бетон қабатына дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

Аталмыш мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан бұл жобалар  биылғы жылы пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарына үлкен қуаныш сыйлайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.