Кәсіп ашуға ниетті жастар артып келеді

0 178

Елімізде шағын кәсіпкерлік саласын дамытуға баса мән беріле бастағалы облысымызда өз ісін бастап, кәсіп ашуға ниет білдірушілер қатары арта түсті. Соның дәлелі, шалғай жатқан Сарысу ауданында кәсіпкерлік саласы қарышты қадам басып, шағын цехтар ашылып, халықтың игілігіне қызмет атқаруда. Сондай-ақ кәсіпке бет бұрған жастардың қатары артуда. Ауылдағылар мал басын көбейтсе, қаладағылар өз қабілетін бизнеске айналдыруда.

«Шебердің қолы алтын» деген атам қазақ. Сөзге шебер, іске де ұста халқымыздың мәдениетін паш ететін құндылықтарының бірі – оның қолөнері. Жалпы, тігін өнер-кәсібі – әлем экономикасының алдындағы үлесі мен салмағы жоғары кәсіп десек те болады.Тігіншілік, қолөнер шеберлігімен айналысу бүгінгі заманның ең табысты бизнесінің бірі. Бүгінгі мақаламыздың кейіпкері қаламыздың тұрғыны Нұрзат Талғатұлы Досанов.

Нұрзат Талғатұлының шағын жиһазды қайта өңдеу шеберханасына бас сұқанымызда, ескі жиһаздарды қайда өңдеп жатыр екен:

— Бұл кәсібімді бастамас бұрын сурет шығаратын орталықта жұмыс жасадым. Ауданымызда біз қатарлы жас жігіттер өз кәсібін ашып жатқанын аудандық газеттен оқып көріп жүрдім. Мен неге осындай кәсіпкерлік саланы бастамасқа деген ой келді. Одан кейін ескі жиһаздарды тұрғындардың іске асыра алмай тастағанын көріп, осы жиһаздарды қайта өңдеу шеберханасын орталық базардың жанынан аштым. Қазіргі таңда сұраныс артып отыр. Игілік ауылының тұрғындары мен дәмханалардың жиһаздарын қайта өңдеп жасап жатырмыз. Кейбір тұрғындар ескі жиһаздарды қайта өңдеу шебарханамызды білмегендіктен шығарып тастауда. Біздің шеберханамызға алып келсе тапсырыс берушінің ойындағындай жаңалап береміз. Тұрғындар тапсырыс беру үшін Таразға, Алматыға ат сабылтпай-ақ осы жерден тапсырыс беруге болады. Бағасы қолжетімді. Біршама арзан. Сондай-ақ, үй жиһазмен қоса көліктердің орындықтарында жаңалап береміз. Әлеуметтік желілердегі janatas_mebeli.nur, ватсап 87027120364 парақшалары арқылы тапсырыс беруге болады. Алдағы жоспарым осы шеберхананы кеңейтіп, жұмышылар қабылдау,-деді.

Расында, екі қолға бір күрек қашан да табылады. Іздесеңіз, жұмыс та бар. Кәсіп ашамын десеңіз, мемлекеттік бағдарлама да жеткілікті.

Біздер де өз кезегімізде жас кәсіпкерлердің жұмысына табыс тілеп, кәсібінен нәсібін теруді ниет еттік.

Leave A Reply

Your email address will not be published.