Шағын қаланың шырайы кіріп келеді

0 160

Ел Президенті биылғы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Қазір өндірістік өнеркәсіптің 40 пайызы 27 моноқаланың еншісінде. Онда 1,4 миллион азаматымыз тұрады. Моноқалалардағы тыныс-тіршілікті одан әрі жандандыруға қатысты жан-жақты ойластырылған шешімдер қажет. Бұл мәселені біз жуық арада бөлек кеңесте талқылайтын боламыз» деп шағын қалалардың жайына айрықша тоқталды.

Жалпы Мемлекет басшысы бұған дейін де шағын қалалардың шырайын арттырып, ажарын ашуға айрықша мән беріп, Үкімет пен жергілікті атқарушы органның алдына ауқымды мақсат-міндеттер қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмалары бүгінгі таңда өңірімізде жүйелі жүзеге асып, мноқалалардың жоқ-жітігінің түгенделіп, кем-кетігінің бүтінделуіне ықпалын тигізуде.

Мәселен Талас ауданының орталығы Қаратау қаласы мемлекеттік қолдаудың арқасында еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түскен. Ағымдағы жылдың өзінде моноқалада сан салада бас бармақпен бағаларлық жұмыстар атқарылған.

Жалпы есепті мерзімде құрылыс жұмыстарының көлемі 4 миллиард 266 миллион теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 118,7 пайызға орындалған. Нақты көлем индексі 116,2 пайызды құрапты.

– 2021 жылдың 6 айында аудан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 11 922 шаршы метрді құрады, 2020 жылдың есепті аймен салыстырғанда (6402 шаршы метр) 5 520 шаршы метрге немесе 186,2 пайызға орындалды.

Ауданда 2021 жылдың 1 шілдесіне кезекте тұрған тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны 1697 адамды құрады. Қаратау қаласындағы Момышұлы көшесі №11 үйде орналасқан жеке меншіктегі бос тұрған 10 пәтерді сатып алуға (2 бөлмелі 5 пәтер, 3 бөлмелі 5 пәтер) 50,0 миллион теңге бөлініп, сатып алу конкурс жүргізілуде.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №17 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғыртуға 2021 жылға 373 931,0 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда атқарылған жұмыстар 70 пайызға аяқталды. Сонымен қатар, осы үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға бастамасына 6000,0 теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы 12.07.2021 жылы жарияланды. Жалпы сметалық құны 27675,0 мың. теңгені құрайды, – Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Дамир Жаманбаев.

Дамир Исмаилбекұлы қаңырап бос тұрған үйлерді қалпына келтіру бағытында ауданда қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Жыл сайын жүздеген отбасы қоныстойын тойлап, қуанышқа кенелуде. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.