Семинарда ұлттар достығы насихатталды

0 156

Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық  идея аясында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шараларды жүргізу» тақырыбындағы әлеуметтік жобаның аясында «Үздіктер таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырымен Аудандағы этномәдени орталық өкілдерімен, этносаралық сала мамандарымен Жамбыл ауданында ұлттармен ұлыстар тығыз орналасқан Гродиково, Қызылқайнар ауылдық округтерінде ауыл тұрғындары арналған  «Ұлттар достығы» және «Туған өлке» атты семинар-тренингтер ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара барасында Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының жетекші сарапшысы Қаншымбеков Ербол Бектұрғанұлы тұрғындарға ауданда ұлтаралық тұрақтылықты, татулықты, бірліктің сақталуының маңыздылығы өте жоғары екендігін түсіндіріп өтті. Іс-шара барысында сарапшы Жамбыл ауданында ұлтаралық қатынастар тұрақты және жоғары деңгейде екендігі аталып өтілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.