Күн тәртібінде — мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

0 152

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен аудан әкімдігінде семинар өткізілді.
Семинар жұмысына аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Марал Дилдабекова, аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен халықты жұмыспен қамту орталығының басшылары, мамандары, консультант, ассистенттер, ауыл, ауылдық округтер әкімдері мен жауапты мамандары, учаскелік комиссия мүшелері қатысты.
Аталмыш шара барысында Қазақстан Республикасының «Атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңын

басшылыққа ала отырып, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу, көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларын кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету, учаскелік комиссиялардың міндеттері мен негізгі функциялары туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттің атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудағы негізгі ұстанымы – көмекке шынайы мұқтаж азаматтарға көмектесу. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленеді. Атап айтқанда, еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айналысуға жәрдем береді, мақсат аз қамтылған санаттағы азаматтарды қолдау және оларды еңбекке ынталандыру.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері жан басына шаққандағы орташа табыс пен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде төленеді. Отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін атаулы әлеуметтік көмек шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі және бірінші кезекте аз қамтылған отбасылардағы жұмыссыз азаматтарға бағытталатын «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасының мүмкіндігі барынша қолданалатын болады.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың еңбек әлеуеті ынталандырылады, олардың кірістерін арттырып, әлеуметтік жағдайларын жақсартатын кәсіпкерлікке тарту үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалады.
Маңызды шарада аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова да қосымша түсінік беріп отырды. Семинар аяғында қатысушылар сауалдарын ортаға салып, заңдарға сәйкес тиісті жауаптар алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.