САРЫСУДА ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Рухты көтеріп, мызғымас бірлік пен бейбітшіліктің басты көрінісі — мемлекеттік рәміздердің еліміз үшін маңыздылығы қашан да жоғары. Ұлттық құндылықтың ажырамас бөлігіне айналған Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз елдіктің ерен белгісі. Мемлекеттік мереке қатарында аса маңызды мейрам — Рәміздер күнінің кешенді аталып өтілуі маңызды екенін ұмытпау керек.


1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.
Биыл мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 34 жыл толып отыр.
Рәміздер қабылданған бұл күннің тарих бетінде алтын әріптермен қалатыны сөзсіз. Әнұранның орындалуы мен Көк байрақтың көтерілуі жастар бойындағы елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, патриоттық сезімдерін нығайта түсетіндігіне біз сенімдіміз — деп жылы лебізін білдірді. Ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.