Сарысуда өткен жылы 23 589 түп тал отырғызылды

0 270

Бүгін, 1 наурыз – «Алғыс айту күні» мерекесіне орай, Сарысу ауданында бірқатар ауқымды мәдени-көпшіліктік іс-шаралар өтті.

Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің бастамасымен, көктемнің алғашқы күні аудан аумағын көріктендіру және көгеріштендіру жұмыстарымен басталды.

Осылайша, Сарысудың талантты тумасы, ақын Маралтай Райымбекұлы мен тікелей аудан әкімдігінің үлкен қолдауымен былтыр ғана бой көтерген «Сарысу саңлақтары» монументінің маңына 75 түп тал отырғызылды.

«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген. Осынау игі шараға аудан басшысы Марат Қырғызәліұлы бастаған әкімдікке қарасты барлық бөлім басшылары мен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері және қоғам белсенділері қатысты.

Айта кетейік, өткен жылы аудан аумағында 23 589 түп жасыл желек отырғызылды.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.