Құрамында Сүлейменов пен Әубәкіров бар жаңа партия құрылмақ

0 3 586

Атақты ақын Олжас Сүлейменов, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, «Байтақ болашақ» республикалық экологиялық альянсының президенті және басқа да бірқатар белгілі қоғам қайраткерлері партия құруда. Бұл туралы Bugin.kz порталы kaztag.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

— «Тіркелмеген «Байтақ» халықтық экологиялық партиясы партияны әділет органдарында тіркеуден өткізу үшін ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысын өткізуде», — деп хабарлады партияның ұйымдастыру комитеті.

Кездесуге Сүлейменов, Әубәкіров және Әміртайдан бөлек басқа да қоғам қайраткерлері — Ирак Елекеев, Орақ Әлиев, Виктор Сапульник, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерлік экологиялық қозғалыстардың жетекшілері қатысады.

— «Соңғы бес жылда бастамашыл топ пен ұйымдастыру комитетінің мүшелері әділет органдарына тіркеуге тұру туралы тоғыз рет жүгінген. Барлық талаптар орындалды (соның ішінде 20 000 қол жинау). Бірақ бізді тіркеуден бас тартты. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Парламентінде сөйлеген сөзінен кейін ол: «Жалпы, мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты өзгерту қажеттілігі туындап отыр. Бізге әлеуметтік келісімшарттың жаңа форматы қажет. Қазақстан саяси жаңғыру бағытын жалғастырады. Бұл біздің принципті ұстанымымыз», — деп түсіндірді ұйымдастыру комитеті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.