САРЫСУДА МАЛ АЗЫҒЫ ЖЕТКІЛІКТІ

0 71

Бабаларымыз: «Қыстың қамын жаз ойла» деп бекер айтпаған.

Бұл төрт түлік малдың қамымен көшпелі ғұмыр кешкен аталарымыздың отырықшылықққа көшкен кездегі даналығы, қыс мезгіліне дайындықты жазда жаса, мал азығын дайындап ал деген нақыл сөзі.

Бұл кезде қалалық жерлерде жылу-энергия орталықтарының дайындығын тексерілсе, ауылда мал азығын әзірлеу ісі қарқынмен жүреді.

Көзіміз көрді, кешегі кеңестік кезеңде әрбір шаруашылық жаз ортасында табиғы шөп пен жоңышқаны пресске басып, арнайы жерге тау-тау қып жинап қоятын-ды.

Тіпті, жүгеріден силос өндіріп, оны арнайлап дайындалған ұраға көметін.

Ал, күн суыта осы мал азығымен малшылар өз бағымындағы төрт түлігін жемдеп, қыстан аман алып шығатын.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары мал шаруашылығы біршама тұралап қалған еді.

Нақты кезеңде мемлекеттің түрлі қолдауымен мал шаруашылығын қайта өркендетуге бағытталған бағдарламалар іске асырылып, сол арқылы төрт түліктің санын көбейтуге мүмкіндік туды.

Бүгінде Сарысу ауданында төрт түліктің де саны өсті, соның арқасында өңір тұрғындарының да әлеуеті де артты.

Төрт түлікті одан әрі дамытуда әрине жем-шөп те керек.

Қыс қамына кіріскен аудан да, дала да қауырт тіршілік қамымен бас көтере алмай жатыр.

Маусым жүгін көтеру үшін де бірлік керек.

Осындай бірлікпен тірлігін жүргізіп келе жатқан Сарысулықтар да қыс қамын жаздан дайындық жүргізуде.

Аудан әкімінің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жоспарының бірінші сатысы мал шаруашылығына арналған.

Осы орайда, мал азығын дайындау, сапалы жем-шөптің берік қорын жасау — басты міндет.

Аудан басшысы қысқы мал азығының дайындығын өз көзімен көріп, шаруа қожалықтарын аралап, қожайындарымен кездесіп, жұмыс барысын әр апта сайын зерделеп шығуда.

Күні кеше де шөп шабуға бекітілген алқаптар тегіс арланды.

Шоқ жұлдыздай алқапатың шетіне табан іліктіргенде алдымен көзге түсетіні қоянжонданып үйілген мая-мая шөп.

Ауыл-ауылда қора-қопсысы жөнделіп, шатырлары бүтінделіп, жинақы қалыпқа енген.
Қос қапталға көз салсаңыз, бейнебір бал арасындай құжынаған тіршілікті көрер едіңіз.

Халық әр күні жылға азық болатын қоңыр күзде қыс қамына кіріскен.

Бізге мал азығын даярлау бойынша атқарылып отырған жұмыстар жөнінде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев айтып берді.

– Жаздың аптап ыстығы өсімдік атаулыға оңай тиіп тұрған жоқ.
Осы орайда Сарысу ауданы бойынша шөп дайындау барысы туралы тоқталар болсақ жалпы шөп шабуға бекітілген алқап көлемі 34415 га.
Оның ішінде 29370 га шабындық алқап және 5045 га көпжылдық шөптер (жоңышқа).
Бүгінгі күні 5045 га көп жылдық шөптер алқабы толық шабылды, ал табиғи шабындық алқаптың 8020 га орылды.
Дайындаған шөп көлемі 44528тонна. Жұмыстың орындалуы 44.0%. Бұдан бөлек Шу бойына 7100 га табиғи қамыс шөбі, сай салалар мен өзен арналары орылады.
«Қыстың қамын жаз ойла» дегендей, бүгінде ауданда жақын арада жаппай қыстық мал азығын дайындау жұмыстары ауданымызда қарқынды жүргізілуде, – деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.