Сарысу ауданындағы 27 мектеп ІV тоқсанды 9166 оқушымен бастады

0 45

Білім беру ұйымдарында санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып оқу пофесі 2 форматта жүргізілетін болады.

2021 жылы 25 наурызда №12 Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес контингенті 300 оқушыға дейінгі 19 мектептегі 2267 оқушы дәстүрлі форматта оқуды бастады.

Қалған 8 мектептегі 6899 оқушы Абылайхан мектеп лицейі, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов мектеп гимназиялары, С.Сейфуллин, Б.Қашқынбаев, Б. Адамбаев, Әйтекеби, Түгіскен мектептері аралас форматта оқытылады.

Бұл мектептерде 1-11 сыныптар аралығындағы денсаулығына байланысты 81 бала қашықтықтан, қалған 6818 оқушы штаттық режимде пәндердің 70% шаттық, 30% қашықтықтан аралас форматта оқытылады.

4- тоқсанның бірінші күні 9094 оқушы сабаққа келді.

Сарысу ауданының әкімі бүгін М.Әуезов атындағы мектеп гимназиясында болып, ондағы санитарлық талаптардың сақталуын қарап шықты.

Мектеп директоры аудан басшысына білім ошағының жетістіктерімен таныстырды.

Аудан әкімі бірінші кезекте оқушылардың денсаулығы мен біліміне баса назар аударылу керектігін айтты.

Басқа да мектептерде сақтық шаралары жүйеге қойылған.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.