Кәсіпкердің жұмысын көрді

0 37

Нан – береке. Нан – байлық. Ауданда адалдық пен ерінбей еңбек етуді мақсат еткендер шағын кәсіптен-ақ көктеп, көгеріп отыр.

Міне, бүгіг аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев осындай кәсібінен өз нәсібін тапқан Жапақова Алтынайдың наубайханасында болып, жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер аудан басшысына күніге 500- ден аса нан пісіріп, ұнды сырттан тасымалдайтынын, аудандағы дүкендерге пісірген нандарын жеткізетінін айтты.

Он адамды жұмыспен қамтып отырған наубайханашы алдағы уақытта осы жұмыстарды мұнан әрі жандандырмақ.

Десек те, Тараз қаласынан келетін нанды аудандағы дүкендердің алуына байланысты пісіріп отырған нанының саны азайғандығын да тілге тиек етті.

Аудан басшысы жеке кәсіпкерге сәттілік тілеп, көтерген мәселені зерделеуді аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне тапсырды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.