Сапасыз қашықтан оқыту оқушылардың сауатын төмендетеді

0 84

Былтыр БҒМ ақпараттық жүйелері түрлі себеппен 65 сағаттан артық жұмыс істемей тұрған. Қашықтан оқытудың сапасыздығы мен қолжетімді болмауы оқушылардың сауат деңгейін төмендетеді.

Коронавирус пандемиясы басталғалы Қазақстан мен өзге елдердің оқушыларының көпшілігі бір жылдан бері қашықтан білім алып келеді. Былтыр көктемде пандемия бастала салысымын, жүздеген мемлекет мектептерін жапты да,1,5 млрд бала партада отырып білім алу мүмкіндігінен қағылды. Басым бөлігі қашықтан оқуға көшкенімен, көптеген қиындыққа кезікті. Жартысына жуығының үйінде не интернет, компьютер болмады.

Сонымен қатар, барлық елде мұғалімдердің  цифрлық сауаты да кемшін түсіп жатты. Ал ата-аналарға үйде интернет жоқ болса да, балаларының қашықтан оқуға мәжбүр болғаны мүлдем ұнамады.

Мұндай проблемалар Қазақстанда  туындады және олар әлі күнге бар. Finprom.kz сарапшыларының мәліметінше, біздің елде де оқушылар мен мұғалімдердің цифрлық сауаты жоғары емес. Олар интернет, компьютер және басқа да гаджеттерді қолдануда түрлі қиындыққа кезіккен.

«Цифрлық гаджеттерді пайдалана білуден бөлек, қазақстандық оқушылар мен мұғалімдердың алдынан Білім министрлігінің цифрлық ресурстары қызметіндегі проблемалар шықты. Қашықтан оқу үшін оқушылар BilimLand, OnlineMektep сияқты порталдарды пайдаланады. Оларға браузермен тікелей қосылуға, сондай-ақ мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл қосымшаларды пайдаланушылардың едәуір бөлігі олардың жұмысына наразы болды. Мәселен, Play Market сервисінде OnlineMektep қызметі бар-жоғы 3,5 балға бағаланған, бұл өте төмен көрсеткіш. Ал, BilimLand  ұпайы – 4,1. Екі жағдайда да сервситің қызметін төмен бағалау (5-тен 1) жиі кездеседі» деді сарапшылар.

Сарапшылардың мәліметінше, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйелерінің жұмысында ақаулар мен іркілістер байқалған. Жалпы алғанда 2020 жылы БҒМ ақпараттық жүйелері 65 сағаттан артық тоқтап тұрған.

Қазақстандықтардың  былтыр Google-дегі  ең танымал сұраныстары білім беру саласына қатысты: «Онлайн мектеп», «Білім ленд», «Ок едус», «Күнделік кз» және «Классрум». Бұл осы платформалардың қазақстандықтар арасында үлкен сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Дүниежүзілік Банк «Дүние жүзіндегі  адам құқығы» баяндамасында пандемия салдарынан  мектептердің жабылуы және қашықтан оқытудың сапасыз ұйымдастырлуы  Қазақстандағы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендеуіне  әкеп соғатынын мәлімдеді. Мұны Қазақстандағы  қашықтан білім беру жүйесіндегі проблемалар да растайды.
  Kursiv.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.