Жуалыдағы Боранды теміржол вокзалы жаңғыртылып, пайдалануға берілді
– Жаңарған Боранды теміржол вокзалы ұзақ жылдар бойы ел игілігіне қызмет етіп, аудан тұрғындары мен жолаушыларға жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасайды деп сенемін. Бұл нысан өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! – деді Алтай Әлі.


