Ринат Нұрақбаев жаңа қызметке тағайындалды

0 638

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Нұрақбаев Ринат Даниярұлы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды.

Нұрақбаев Ринат Даниярұлы 1973 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған, білімі жоғары.
1995-2003 жж. Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының мәдени іс-шара ұйымдастырушы, 2003-2005 жж. «Бозторғай» ансамблінің көркемдік жетекшісі, 2005-2010 жж. мәдени іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жж. орталықтың директоры қызметтерін атқарған.
2001-2010 жж. Жамбыл облыстық телеарнасында оқушыларға арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік теле-ойынының ұйымдастырушысы, жүргізуші-редакторы.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Облыстағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың және өзекті мәселелер бойынша жұмысшы топтардың мүшесі.
Leave A Reply

Your email address will not be published.