Қызылордада жас отбасыларды баспанамен қамту мәселесі қадағаланады

0 42

Қызылордада «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» бекітілді.

Кеше Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті. Онлайн ұйымдастырылған отырыста облыс бойынша «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асырудың «Жол картасы» бекітілді.

«Жастар – Отанға!» бағдарламасы алдағы 5 жылға бағытталып, жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз ету негізінде Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес дайындалған болатын.

 

 

Бюро отырысында бағдарламаны тиімді іске асыру үшін арнайы Жол картасы бекітілді. Жол картада 76 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып, 27 индикатор белгіленген. Олар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, сапалы білім алуына жағдай жасауға, жұмысқа орналасуына, жас отбасыларды қолдауға және басқа да жастардың мүдделеріне байланысты мәселелерді қамтиды.

Осыған орай, Жол картасы бірауыздан бекітіліп, оны белсенді жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

aikyn.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.