Қазақстанда тұрғын үй бөлудің жаңа тәртібі күшіне енді
Қазақстанда мемлекеттік жалдамалы тұрғын үйді бөлудің жаңа тәртібі 14 қыркүйектен бастап күшіне енді. Енді кезекте тұрған отбасыға берілетін баспананың бөлме санын анықтағанда отбасы құрамы ескеріледі. Бұған дейін қолданылған бір адамға 15–18 шаршы метр есебімен тұрғын үй беру талабы жалдамалы баспанаға қолданылмайды.
Жаңа тәртіп бойынша ерлі-зайыптыларға бір бөлме немесе бір бөлмелі пәтер қарастырылады. Бір жынысты отбасы мүшелеріне бір бөлмеге екі адамнан асырмай есептеледі. Ал ерлі-зайыпты емес, жынысы әртүрлі отбасы мүшелеріне бөлек бөлмелер берілуге тиіс.
Мүгедектігі бар баласы бар отбасыларға да бөлек бөлме қарастырылады. Сонымен бірге азамат өзі келіссе, белгіленген мөлшерден бөлмесі аз тұрғын үй алуға мүмкіндік бар.
Мысалы, ата-анасы мен ұл және қыз баласы бар отбасыға баспана бөлгенде балалардың жынысы мен отбасы құрамы есепке алынады. Яғни ендігі жерде тек пәтердің жалпы аумағы емес, отбасы мүшелерін орналастыру мүмкіндігі де маңызды.
Бұдан бөлек, мемлекеттік тұрғын үйді бөлу кезінде кезекке қойылған күн, отбасының соңғы алты айдағы табысы және әлеуметтік мәртебесі ескеріледі. Мемлекеттік тұрғын үйдің кемінде 20 пайызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кемінде 50 пайызы әлеуметтік осал топтарға бөлінеді.
14 қыркүйектен бастап жетім балаларға қатысты тағы бір кепілдік қолданыла бастады. Бала асырап алу немесе қамқоршылық тоқтатылған жағдайда олардың тұрғын үй кезегіне қойылған бастапқы күні сақталады.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.