QazVac вакцинасын жасап шығарған ғалым отандық өнімге сенімсіздік танытқандарға жауап берді

0 190

QazVac вакцинасын жасап шығарған, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасының меңгерушісі Леспек Кутумбетов Medsupportkz қауымдастығының дәрігерлері мен ғалымдарының қазақстандық вакцинаны ұсына алмаймыз деген пікіріне жауап берді.

 

«Біз вакциналарды әзірлеумен 60 жылдан бері айналысып келеміз. Біз грантқа сапасыз препарат ұсына алмаймыз, оның үстіне көп адам қолдануға арналған болса тіпті. Бұл вакцина зертханалық жануарларға, адамдарға жасалды. Біз өзіміз де осы вакцинаны ектік. Бұл вакцинаның зияны жоқ екендігі анықталды. Оның иммуногендік белсенділігі бар, яғни коронавирустық инфекцияға қарсы қорғаныс әсер», — деді Кутумбетов тілшіге берген сұхбатында.

QazVac әзірлеушісі вакцина өз тиімділігін коронавирустық инфекцияның қоздырғышына қарсы нақты антиденелерді қалыптастыру арқылы көрсеткенін, атап айтқанда SARS-CoV-2 анықтау бойынша зертханалық зерттеулермен расталғанын атап өтті.

«Бұл ерекше денелерді анықтау арқылы анықталады. Яғни жұқпалы вирусқа қарсы қан плазмасы анықталады, оның патогендік қасиеттерін, көбею қабілетін, вакцинаны егу кезінде пайда болған антиденелерді қаншалықты бейтараптандыратынымен анықталады.

Олар формальдегидтің вакцинаның иммуногенділігіне зиянды әсер ететіні туралы ақпаратты қайдан алғанын білмеймін. Әрине, күрекпен формальдегидті вакцинаға батырып, бірнеше күн күтсеңіз, онда вакцина белгілі бір қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Бірақ үлкен тәжірибең бола отырып, кішкене қателіктерге жол беру мүмкін емес», — деді Леспек Кутумбетов.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.