«Қазфосфат» өз жұмысшыларына үй салып жатыр

0 8

Әулиеата өңірінде химиялық элемент өндірісін нарыққа шығару қазіргі таңда қарқыны жүргізілуде. Бүгінде Қаратау қойнауынан өндірілген сары фосфор мен оның өнімдері Жамбылдан экспортқа жол тартатын бағалы тауардың бірі саналады. Қазіргі таңда «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіретін өнімнің 20 түрі әлемнің 27 елінде үлкен сұранысқа ие. Еуразия құрлығын былай қойғанда сонау мұхиттың арғы жағындағы Латын Америка елдерінде «Қазфосфат» өнімнің тұтынылуы компанияның әлемдік аренада беделін айшықтай түседі. Осындай іргелі кәсіпорынның әлеуетін, қаржылай не материалдық тұрғыда көрсететін көмегін әлеуметтік салада да пайдаланудың еш сөкеттігі жоқ. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры Нұрхан Нұрлановпен кездескенде әңгіме ауаны осы тақырып маңайында болды.
Жалпы «Қазфосфат» жауапкершіліг құрамына екі өндірістік зауыт, екі тау-кен байыту кешені кіреді. «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жаңа ұсақтау-сұрыптау кешені және жаңа ұнтақтау қондырғысының құрылысы жоспарлануда. Алда минералды тыңайтқыштар зауытында аммофос өндірісін жылына 500 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологиялық желіні қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталмақ. Жаңа жамбыл фосфор зауытында да қуаттылығы жылына 30 мың тонна суда еритін аммофос өндіретін цех салу, сұйық тыңайтқыштар өндірісін жолға қою көзделіп отыр екен. Дистрибьюторлық желіні дамыту және экспорттық нарықтарда тікелей сату арқылы сатудың жаңа стратегиясын жүзеге асыру ісі де жоспарлану үстінде екен.
Компания халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға атаулы көмек көрсетуге ниет етіп отыр. Баспана мәселесі де кезең-кезеңімен шешілетін секілді. Компания қызметкерлеріне арналған 72 пәтерлі алғашқы тұрғын үй осы жылдың соңына дейін Қаратау қаласында пайдалануға берілмекші. Сол секілді Жаңатас қаласында бір тұрғын үй бой көтермек.
«Эйр Астана» компаниясымен бірлескен жұмыстың арқасында Тараз-Нұр-Сұлтан рейсі ашылса, сондай-ақ Тараз-Алматы рейсі де іске қосылады деп күтілуде. Кездесуде кәсіпорынның кадрлық әлеуетін арттыру, оның ішінде Жамбыл облысының техникалық колледждерінде оқитын болашақ мамандарды жмысқа тартудың жайы тілге тиек етілді.
– «Казфосфат» ЖШС өз қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандығы басқа кәсіпорындар үшін үлгі болуы керек. Біз маман тапшылығы мәселелерін шешуге де қолдау көрсетуге дайынбыз. Қажетті мамандарды жергілікті колледждерде оқыту арқылы дайындауға қол ұшын бере аламыз, — деді Бердібек Машбекұұлы өз сөзінде.
Бұдан бөлек экологиялық қауіпсіздік, әлеуметтік нысандардың құрылысы мәселелері де осы кездесуде талқыға салынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.