«Қазақтелекомның» Қайрат Сатыбалдыға өткен үлесі мемлекетке қайтарылмайтын болды

0 2 198

Қайрат Сатыбалды «Қазақтелекомның» мемлекетке берілген үлесін қайтара алмайды. Осы келісімшартқа байланысты әділет министрі пікір Қанат Мусин білдірді, деп хабарлайды деп хабарлайды Bugin.kz порталы «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық байланыс операторының 28,8 пайыз акциясын үкімет мемлекет меншігіне қайтарған еді. Негізі акция екі жеке компанияның үлесінде болған. Екеуінің де иесі – 51 жастағы кәсіпкер Қайрат Сатыбалды.

Бүгінде ол «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырды және лауазым қызметін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеу изоляторында отыр. Компанияның акцияларына қатысты әділет министрі түсіндірді.

«Мемлекеттік мүлік туралы» заңға сәйкес, ол сыйға тарту шарттары бойынша сатып алынады. Бұл заңмен қарастырылған нысан. Сыйға тарту шарты бойынша мәміле заңда белгіленген тәртіппен ресімделеді, нотариалды түрде куәландырылады. Барлық талап сақталады. Сондықтан мұндай мәміле ертең дау тудыруы мүмкін және қандай да бір сәтте келісімшарт бұзылады деп айтуға негіз жоқ. Мен де сенімдімін», – дейді Қанат Мусин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.