Бүгіннен бастап мобильді ақша аударымдар жіті тексерілетін болады

0 449

Бүгіннен бастап Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың банк шоттарының арасындағы мобильді ақша аударымдарына мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жеке тұлға ретінде ашқан банк шотына 3 айдың ішінде 100 және одан да көп адамның банк шотынан ақша аударылған болса, бұл кәсікепрлік қызметтен пайда табу болып есептеледі.

ҚР Қаржы министрінің тиісті бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енгізілді. Салық заңнамасына сәйкес, мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер, жеке тұлғалардың жеке аударымдарын /кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден/ бөлуге арналған.

Олар бизнес қауымдастықпен және банктермен бірнеше рет талқыланған.

Бұл бастамалардың мақсаты – цифрлық кеңістікте бизнесті дамыту. Сондай-ақ барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Жалпы жеке аударымдарға салық салынбайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.