Қайтсек өңір өндірісі өркендейді?

0 225

Облыстың өнеркәсіп саласындағы өсім – 6,7 пайыз, ауыл шаруашылығы –2,9, құрылыс –  6,5, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,8, сауда – 5,9, инвестиция көлемі 21,1 пайызға артқан. Бір қарағанда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қол жеткізген жетістік көңіл көншіткенімен, салалар бойынша иникаторлық көсрсеткіш кейбір ауданда ойдағыдай орындалмай отыр екен. Мәселен жылдың 5 айыда инвестиция көлемі Жамбыл ауданында құлдырап кеткен. Сол секілді құрылыс

Меркі ауданында, тұрғын үй Т.Рысқұлов, Сарысу ауданында, бөлшек сауда Мойынқұм ауданында төмен деңгейде қалыптасыпты. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында облыс әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова айтып берді. Басқосуда Бердібек Машбекұлы алдағ уақытта меже республикалық көрсеткіштерден төмен болмауы керектігіне баса мән беріп, жауаптыларға уақытты барынша тиімді пайдалану қажеттігін ескертті. Жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталып, меже 100,6 пайызды құраған көрінеді. Бір айта кетерлігі өнеркәсіп саласында 6 пайыз өсімді қамтамасыз ету үшін 276,9 миллиард теңгеге, ал ауыл шаруашылығында – 4,6 пайыз болу үшін 80,9 миллиард теңгеге өнім өндірілуі керек екен. Ал инвестиция көлемін 6,4 пайызға арттыру үшін сырттан 155 миллиард теңгеге тартылуы қажет. Құрылыс жұмыстарын 22 пайызға, тұрғын үй көлемін 12 пайызға арттырмай, арқаны кеңге салуға болмайды.

Облыс әкімі Тараз қаласы – 2 миллиард, Қордай ауданы – 1 миллиард 800 миллион, Шу ауданы – 1,5 миллиард, Жамбыл ауданы – 646 миллион, Байзақ ауданы – 553 миллион, білім басқармасы – 4 миллиард, кәсіпкерлік – 2 миллиард, энергетика – 1 миллиард, құрылыс саласында 10 миллиард теңгеге жуық қаржы игерілмегенін сынға алды. Бұл жөнінде тиісті аудан әкімдері мен басқарма басшыларына арнайы тапсырма берді. Азық-түлік бағасының байлауға көнбей тұрғанын да тілге тиек етті.

– Әлеуметтік дүкендерде сәбіз бен картоп 150 теңгеден тұрақты саудалануда. Түркістан облысымен меморандум бекітіп, кәсіпкерлермен жұмыс жасаудамыз. Олар аптасына 10 тонна көлеміндегі картопты бізге тікелей жеткізіп отыр, – деді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Аманов.

Жиында бұдан бөлек тұрғын үй, құрылыс саласын ілгерілету, қаржыны тиімді әрі уақытылы игеру мәселелері де айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.