Қайта вакцинацияланған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталады

0 257

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында ревакциналанған қазақстандықтардың «жасыл» мәртебесі қанша уақыт сақталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ревакцинация алғандарда «жасыл» мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады. Желтоқсанда қайта вакцинацияланғандар келесі желтоқсанға дейін «жасыл» мәртебеге ие болады» — деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.
Бүгінгі күні ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.
Бұған дейін Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасының 12 мың дозасы ревакцинация үшін жеткізілген.
Басқарма мәліметінше, «Спутник Лайт» вакцинасы ревакцинацияға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.