«Арманы көп еді»: Жамбыл облысында студент коменданттық сағат уақытында үйіне қайтып келе жатқанда оқ тиіп, көз жұмған
Жамбыл облысында студентті белгісіз біреулер атып тастаған. Нұрсұлтан Қуатбаев cол күні нағашы әжесінің үйінен қайтып келе жатқан екен. Қара жамылған отбасы тұңғыштарын кім және қай жерде атқанын білмейді. Полиция тергеу құпиялылығына байланысты нақты ақпарат бермепті. Ал бозбаланың өмірі үшін күрескен дәрігерлер Нұрсұлтанның денесінен үш оқ шығарған. Марқұмның туыстары оқиғаның мән-жайы туралы сұхбат берген, деп хабарлайды Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.
Расширенная search функциональность экономит время при поиске. Используйте Kraken магазин с продвинутыми фильтрами поиска для быстрого наождения нужны товаров.
Глобальная торговая экосистема объединяет участников из множества стран. Международный аб представляет krakenat.cc с поддержкой более тридцати языков интерфейса для комфортной работы пользователей из различны регионов.
Нұрсұлтан отбасындағы бес баланың тұңғышы болған. Ол бала кезден ән айтуға құмартып, өмірін өнермен байланыстыруды армандапты.
“Өзім-ақ осылай-осылай көтерілемін. Ешкімнің демеуінсіз деп өзін-өзі көтеріп жүрген бала еді. Қияли. Өзінің арманына жете алмай қалды балам. Оның арманы көп еді”, – дейді Марқұм Нұрсұлтан Қуатбаевтың әжесі Кеңескүш Шыңғысбекова.
Ал облыстық полиция департаментінің өкілдері тергеу ісінің құпиялылығына байланысты деп, ешбір ақпарат бермеді. Бірақ Нұрсұлтанның кімнің қолынан қаза тапқаны анықталады деп отыр.
“Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялануға жатпайды”, – дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.
Қайғыдан қан жұтқан отбасы Нұрсұлтанның қандай жағдайда қаза тапқаны ашық айтылсын дейді. Әрі, 18 жасқа жаңа толған жазықсыз жанға оқ атқан адамдар заң аясында тиісті жазасын алсын деп талап қойып отыр.