Қабылдаудың берері көп

0 336

Өткен аптада «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде көшпелі қабылдау ұйымдастырылды. Онда «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова аудан тұрғындарын өз өтініштері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген Диқан ауылының тұрғыны Алла Шакирова үстіміздегі жылғы қаңтар айынан бастап әлі күнге аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа берілетін жолдаманы ала алмай жүргенін жеткізді. Өтініш иесін мұқият тыңдаған Үміт Серікқызы аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының жауапты маманы Олжас Жандарбекұлын шақыртып, істің мән – жайын анықтады.

Аталмыш орталықтың жауапты маманы ақылы қоғамдық жұмысқа беріліп жатқан жолдама туралы нақты түсінік беріп, өтініш иесінің мәселесі оң шешімін табатындығын айтты. Үміт Ибраймова қабылдауға келген өтініш иесінің мәселесі оң шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын ескертті.

*   *   *

Осындай кезекті қоғамдық қабылдауға келген сарыкемерлік тұрғын Жұпар Тұрғаналиеваны  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова қабылдады.

Бүгінгі таңда өзінің жұмыссыз отырғанын айтқан Жұпар Тұрғаналиева денсаулығы сыр беріп жүргенін қамыға отырып жеткізді.

 Материалдық көмекке мұқтаждықтан қоғамдық қабылдаудың табалдырығын аттауға мәжбүр болғанын айтқан өтініш иесіне Шолпан Қайратқызы заң аясында түсінік беріп, мүмкіндігіне қарай көмек көрсетілетінін айтты.

*   *   *

Белгіленген кесте бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Темірбек Оразымбетов көшпелі қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға Сарыкемер ауылы, Куприенко көшесінің тұрғыны Жалғас Тоқпаев келіп, өзі тұрып жатқан көшеде қаңғыбас иттердің көбейіп кетуіне байланысты өтінішін жеткізді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова заң аясында қосымша түсінік берсе, Темірбек Асылбекұлы заң талаптарына сәйкес, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Досымбек Мұсаевқа тиісті тапсырма беріп, аудан әкімдігіне ұсыным жасауды міндеттеді.

 

Жұлдыз МАМЫҚОВА,

«Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының консультанты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.