Депутаттық фракцияның отырысында

0 279

Апта басында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен партияның аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының отырысы болып өтті.

Аталмыш отырысты «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның жетекшісі Шолпан Байтақова кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды.

— Ағымдағы жылдың 15 қаңтары күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясы тіркеуден өтсе, бүгінде фракция құрамына аудандық мәслихаттың 17 депутаттың ішіндегі 15-і «Nur Otan» партиясының мүшесі еніп отыр. Сондықтан, фракцияның алдында аса жауапты міндеттер тұрғандығын Сіздер жоғары сезінеді деген ойдамын, — деді Шолпан Қайратқызы.

Жиында күн тәртібіне төрт мәселе шығарылды. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың «Жол картасын» талқылау туралы аудан әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков хабарлама жасады. Хабарламадан соң фракция мүшелері Алтынбек Жамишжанов пен Гүлбахрам Ермекова жарыссөзге шықты.

Бұдан кейін күн тәртібіне ұсынылған «Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясы жетекшісінің орынбасарын сайлау  туралы мәселе қаралып, отырыс қатысушылары бірауыздан жетекші орынбасарлығына Гүлбахрам Ермекованы сайлады. Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының Төралқа құрамына жалпы тізім бойынша 3 адам ұсынылып, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бірауыздан бекітілді.

Фракция отырысы соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Нұржан Нұржігітов сөз  алды.

— «Nur Otan» партиясының партиялық тізімімен сайланған барлық депутаттардың түпкі мақсаты – бүгінгідей аса күрделі шақта мемлекетіміздің қарқынды дамуы мен  халқымыздың әл-ауқаты мен тұрмыс жағдайларын жақсартуға бағытталып отыр. Бұл Елбасы, Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың барша қоғам алдына  қойып отырған ең басты міндеті.

Ал, фракцияның ең басты мақсаты, ол – өңірдің өркендеуіне үлес қосу және партияның алдағы 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының орындалуына барынша ықпал етумен ерекшеленбек. Бұл баршамыздың алдымызда тұрған маңызы зор, мәртебесі биік ортақ міндет, — деген Нұржан Молдиярұлы депутаттық фракция мүшелеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеп, отырысты қорытындылады.

Мұхтар ШАЛҒЫНБАЙ,

Байзақ ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.