Президенттің Жолдауын тыңдап, талқылады

0 188

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы» атты жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Осыған орай, қоғам қайраткерлері, Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшылары мен аудан әкімдері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, талқылады.

Денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасын іске асырудың негізгі мақсаттарының бірі — өңірде өмір сүру ұзақтығын 74,5 жасқа дейін ұлғайту. Айта кету керек, бала туу көрсеткіші артып, қатерлі ісік, миокард инфаркті, туберкулезден болатын өлім-жітім азайды.

Өңірдің медициналық ұйымдарын қажетті техникамен жабдықтау деңгейі 87,9 пайызды құрады.

Дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға өсті.

Мемлекет басшысы атап өткендей, денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды мәселесі медицина кадрларымен қамтамасыз ету болып табылады. Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін Тараз қаласында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің филиалы ашылды.

Ел Президенті 2025 жылдың соңына дейін кемінде 1000 мектеп салу туралы тапсырма берді. Осы міндетті орындау аясында өткен оқу жылында облыста 7 жаңа мектеп өз есігін айқара ашты, ағымдағы жылы облыста 23 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 11 мектеп жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Мемлекет басшысының Жолдауы аясында бұқаралық және балалар спортымен айналысуға тиісті жағдай жасау үшін өткен жылы өңірде бірден 15 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды, биылғы жыл соңына дейін тағы да осындай 11 кешен салынады. Нәтижесінде халықты бұқаралық спортпен қамту деңгейі 34 пайызды құрайды.

«Тұрғын үй мәселесі қай кезде де тұрғындардың басты проблемаларының бірі болып санаады. Осыған байланысты біртұтас тұрғын үй бағдарламасы әзірленетін болады. Оның операторы ұлттық даму институтына айналатын «Отбасы банк» болады. Банк алдында «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтар арасында тұрғын үйді есепке алу мен бөлуді қамтамасыз ету міндеті тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.