Басым бағыттарды белгілеп берді

0 178

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына парламент палаталарының бірлескен отырысында «Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы» атты жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Осыған орай, қоғам қайраткерлері, Жамбыл облысы әкімдігінің басқарма басшылары мен аудан әкімдері Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын тыңдап, талқылады.

Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдағы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын атап өткені белгілі.

Жамбыл облысында Жолдаудың стратегиялық міндеттері мен басымдықтарын жүзеге асыру аясында барлық әлеуметтік-экономикалық салаларда оң нәтижелерге қол жеткізілген. Нақтылай айтқанда, ұлтаралық келісім орнаған, өнеркәсіп өркендеп, индустриялық жобалар іске асырылуда, жаңа технологиялар табысты қолданылуда, тұрғын үйлер, әлеуметтік саланың жаңа объектілері салынуда.

Біздің облыс әртүрлі ұлт өкілдерінің қоныстануымен ерекшеленеді. Мұнда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады. Өткен жылы Президенттің тапсырмасы бойынша өңірде мониторинг, әлеуметтік сауалнама, талдау және тұрғындарды толғандыратын түрлі проблемаларды шешуге бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы іске асырыла басталды. Мысалы, Мемлекеттік бағдарламалар аясында Қордай ауданын дамытуға 35 миллиард теңге бөлінді: 3 мектеп, 4 спорт кешені, 3 денсаулық сақтау нысаны, 1 мәдениет үйі, 5 көп қабатты тұрғын үй салынды, 6 ауыл орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды, 22 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етілді, 200-ден астам көше жөнделді.

Біздің облыс аграрлы аймаққа жататыны белгілі, халықтың 60 пайыздан астамы ауылдарда тұрады. Агроөнеркәсіптік кешенді қаржыландыру биыл 20,6 миллиард теңгені құрады. Бірінші жартыжылдықта 77,2 миллиард теңгенің өнімі өндірілді, өсім – 4,3 пайыз. Оңды істердің бірі — мал басының көбеюі.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзіндегі тағы бір маңызды бағыт — тұрақты еңбек пен білім алуға ұмтылу.

2020 жылы АӘК-пен 69 489 адам қамтылды, ағымдағы жылдың 1 маусымына 50 618 азамат АӘК алды, яғни көмекпен қамтылғандар саны 18 871 адамға азайды, 1.3 миллиард тенге үнемделді. Ағымдағы жылдың соңына дейін үнемдеу 3.9 миллиард теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.