Өскемендік азамат суық қарумен қала кезіп жүр

0 174

Өскемендік азамат суық қарумен қала кезіп жүр.

Ағымдағы жылдың 10 мамырында Өскемен қ. ПБ қызметкерлері патрульдеу барысында үйлердің бірінің ауласында отырған 20 жастағы жергілікті тұрғын көзге ілікті. Оны тексеру барысында қолдан жасалған кастетке ұқсас зат табылды.

Жауап алу кезінде ұсталған адам бұл затты өзі жасағанын түсіндірді.

Маманның қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат соққы-ұсақтау әрекеті бар суық қару болып табылады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
polisia.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.