Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген

0 216

Танымал эстрада жұлдызы Мәдина Сәдуақасованың жолдасы әншінің әперген киімдерін кимейді. Екеуінің киімге деген талғамы екі бөлек,

Бұл туралы әнші Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында айтты.

«Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып көрмепті. Өйткені екеуміздің киімге деген талғамымыз әртүрлі. Мен ашық түсті киімдерді ұнатамын, ал ол тек қара, ақ, сұр, көк түсті киімдерді киеді», – деді Сәдуақасова.
«Шетелдерде, өзге қалаларда жүргенде қымбат киімдер сатып әкелетінмін. Бірақ ол кимейтін. Бастапқыда ренжитінмін. Ол ашық түсті киімдерді кие алмайтынын айтатын. Қазір бір-бірімізге мүлде киім алмаймыз. Әркім өз талғамына сай өзі киім алады», – деді әнші.

Leave A Reply

Your email address will not be published.