Өскеменде балконда асылып тұрған әйел видеоға түсіп қалды

0 562

Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп, енді бірі троспен төбеден төмен түсіп, әйелді ұстап қалды

Өскемен қаласының құтқарушылары үшінші қабаттың балконында асылып тұрған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы уақытта Өскемен қаласының 101 қызметіне үшінші қабаттың терезесінде әйелдің құлағалы тұрғаны туралы хабар түсті. Құтқарушылар келгенде ол кісі балконда асылып тұрған. Күші сарқылуға жақын қалған.

Құтқарушылардың бір тобы төменде арнайы матаны керіп қойды. Ал департаменттің тағы бір қызметкері Шыңғыс Смағұлов төртінші қабаттан троспен төмен қарай түсіп, әйелді ұстап қалды.

40 жастағы әйелді бірден жедел жәрдемге тапсырды. Оның бұл әрекетке неге барғаны белгісіз.

kznews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.