Оқушылардың жазғы демалысы қысқарады

0 262

Оқу-ағарту министрлігі сарапшылар ұсынысы мен ғылыми зерттеулер қорытындыларын пысықтады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін сарапшылар оқу жылын маусымның аяғына дейін созып, 20 тамыздан бастау туралы ұсыныстарымен жүгінген еді. Олар Қазақстанның әлемде каникулы ең ұзақ ел екенін алға тартқан. Бізде оқушылар 130 күн демалса, басқа көптеген елде ол 80-100 күннен аспайтын көрінеді.

«Мұның сыртында, 5 күндік оқу аптасына көшу кезінде оқу күндері бірден 34 күнге қысқарды. Осылайша, орта есеппен, біздің елдегі оқу күндерінің жалпы саны 150 күндей болады. Ал ол дамыған елде 200 күнге жетеді. Сондай-ақ сарапшылар қосымша оқу аптасын қосу күн сайынғы сабақ санын да азайтатынын айтты», — делінеді минситрлік хабарламасында.

Алты күндік режиммен оқитын көптеген мектеп жаңа жағдайда бес күндік оқу аптасына көше алады. Мамандар бұл педагогтар жұмысының тиімділігін және оқушылардың ұсынылған материалды сіңіру мүмкіндігін арттыратынын айтады. Сондай-ақ бұл күрделі тақырыптарды игерудің қарқынын арттырып, оны қайталауға уақыт береді екен.

Мұның сыртында, жазғы демалыста ешқандай өзгеріс болмайтынын түсіну керек. Яғни балалар 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін демалады,

— деп атап өтті министрліктегілер.

Оқу жылын ұзартуды ұсынғандардың көбі 4-тоқсанды 20-25 маусымға дейін ұзартып, оқу жылын 20 тамыздан бастауды ұсынған.

«Сарапшылар біздің оқушылар жаз уақытын демалыспен, компьютерде ойнаумен, смартфон шұқылаумен өткізіп жатқанда, олардың басқа елдегі қатарластары оқып жататынын айтып, бірнеше жыл дабыл қақты. Олар өздерінің аргументтерін ертеден айтып келеді. Біз жұмыс тобын құрып, оның құрамына ғалымдарды, психолгтарды, ата-аналар мен педагогтарды кіргіздік. Халықаралық тәжірибе де зерделенді. Жұмыс тобы сарапшылар пікірін қолдамады», — дейді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.

Оның айтуынша, топ мүшелері қосымша ұсыныс енгізген: оқу жылының басталу мерзімін өзгертпеу, ал аяқталу кезін 31 мамыр етіп белгілеу. Бұның каникул уақытынан 5-ақ күндік айырмасы бар.

Сөйтіп, оқушылар 1 маусымнан демалысқа шыға алады. Содан қыркүйекке дейін демалуға мүмкіндіктері бар. Ал сапаны оқу күндері арқылы, оқу салмағын азайту, оқу бағдарламасын жетілдіру және мамандардың санаттылығын көтеру арқылы ғана жақсарта аламыз,

— дейді Гүлмира Кәрімова.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылының басында апталық оқу жүктемесін азайту жоспарланып отыр. Онымен қоса, оқу жылын созу балаларға қосымша білім алуға мүмкіндік бермек. Өйткені сабақтар саны аз болады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Германия, Англия және Жапонияда жазғы каникул 7 аптаға, Польша, Қытай және Оңтүстік Кореяда 7-9 аптаға, ал Финляндия, Венгрия, Швецияда 9-11, Латвия, Италия және Португалияда 11 аптаға созылады екен. Қазақсатндағы жазғы демалыс мерзімі — 14 апта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.