Оқушылар сабақты теңіз жағасында оқиды

0 433

Испанияның Мурсия автономдық қауымдастығында бір жыл қашықтан оқыған балалар жағажайда білім алатын болды.

Бұл мемлекеттік бағдарламаның аясында қолға алынған шара. Ол бір жағынан ауаның сапасын жақсартуға бағытталған. Екіншіден, балалар жабық бөлмеде емес, ашық аспан астында отырады. Мамандар бұл эпидемиологиялық жағынан қауіпсіз екенін айтады.

«Ұзақ уақыт көрмеген достарыммен бірге уақыт өткіземін. Мұның үстіне жағажайда болған да ұнайды. Сыныпта отырғаннан гөрі осында болғанымыз әлдеқайда жақсы деп ойлаймын» дейді оқушылар.

nege.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.