Өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар пайдалануға берілуде

0 252

«Ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, Еңку-еңку жер шалған» қазақтың бүгінгі ұрпақтары атпен алты апта жүретін қашықтықты қазір қас пен көзің арасында еңсеруде. Адамның барар жеріне жылдам жетуі ғылым мен технологияның жетістігі екені даусыз. Әсіресе втокөлік жолдары бүгінгідей барлық нәрсе қарышты дамыған заманды адамды «жолсоқты» етпеуі қажет. «Жол азабын тарқан біледі» деп қазақ тегін айтпаған. Сол үшін де мемлекет бүгінде ел мен жерді, қала мен ауылды байланыстыратын күре жолдан басатпа ауданаралық маңызы бар жолдарға дейін тақтайдай тегіс етуге барын салуда. Оның үстіне Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында: «Ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек», – деп атап көрсеткен еді. содан бері елімізде автожолдардың сапалы салынуы мен жөндеуден өтуі басты назарда ұсталып келеді. Бұл тұрғыда өз өңірімізде де қыруар тірлік атқарылды. Соның бір парасын ғана сөз ететін болсақ, жалпы ұзындығы 475 шақырым болатын Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал», «Балқаш-Бурылбайтал», «Күрті-Бурылбайтал» жолдары жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда қашықтықтығы 209 шақырымды құрайтын « Күрті-Балқаш» жолының 85 шақырымы, Ұзындығы 266 шақырым «Меркі-Бурылбайтал» жолының 186 шақырымы пайдалануға беріліп отыр.

Бұл туралы облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков айтып берді.

Бақытжан Оразалыұлының айтуынша, жыл басынан бері облыста 707 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 133 адам қаза тауып, 1063 адам түрлі жарақат алған көрінеді. Оның 175-і республикалық жолдарда, 102 — сі жергілікті жолдарда, 430 — ы елді мекендердің көшелерінде орын алыпты. Сол үшін жүргізушілер жол тегіс екен деп, жылдамдықты асырмауы қажет. Осыны ескерген жергілікті атқарушы орган тарапынан өңірдің автожолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық мүмкін шаралар қабылданып жатыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.