Облыс әкімі елшімен кездесті

0 178

Алатаудың күнгейі мен теріскейін бірге қоныс етіп, Шу өзенін тел емген, ауылы аралас, қойы қоралас, төсекте басы, төскейде малы қосылған, қыз алып, қыз беріскен қырғыз бен қазақ ежелден бір-бірін бауыр тұтқан тату ел. Екі елдің тарихи тамырластығы, бауырластығы бір-біріне деген тілеулестік көзқарасы атам заманнан бері келе жатыр. «Қазақ-қырғыз бір туған» дос хаалық екені баршаға аян. Тіпті қырғыз бен салт-дәстүрлері мен мәдениеті, руханиятыы, әдеп-ғұрпы бір-біріне өте ұқсас. Ән қазаққа түстеніп, қырғызға қонса, айтыс айырқалпақты ағайындардың ауылына ат шалдырып, қазаққа бақ боп қонған. Осы аталған өнердің екеуі де екі халыққа ортақ болғанымен, бірі әндеткенге, енді бірі сөз сайысына шебер. Керек болса қырғыздың Шыңғыс Айтматовы немесе қазақтың Шохан Уалихановы секілді тау тұлғаларын екі ел бөліп-жармай ортақ тұлғаға балайды. Сол үшін де қазақ пен қырғыыз бірінің жанын бірі жақсы түсінеді.

Қуанышта да, қиындыққта да бір-біріне сүйеу болған қос халықтың қарым-қатынасы бүгінде беки түспесе, арасына сызат түсуіне ешқандай жайт негіз болған жоқ. Соның арқасында екі ел арасындағы алыс-беріс, барыс келіс, сауда-саттық үзілмей келеді. Бір-біріне іргелес жатқан екі елдің ауыл халқының күнделікті тұрмыстық қарым-қатынасынан бөлек, қырғыз бен қазақ халықтарының байланысы мемлекеттаралық деңгейде де өз шешімін тапқан. Мейлі ол сауда саттық немесе мәдени, рухани жағынан болсын байланыс үдемесе, қарым-қатынастың алтын жібі үзілген емес. Ол халықаралық деңгейде ұйымдастырылған қоғамдық, шығармашылық немесе ғылыми, спорттық сынды кез келген шараларда бас қосуынан да байқалады. Десе де аракідік мемлекетаралық мәселелерді қырғыздармен келіссөз жүргізу немеесе сол елдегі қазақтың елшісі арқыылы пысықтап тұрудың еш сөкеттігі жоқ. Жақында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рәпіл Жошыбаевпен кездесіп, суармалы жерге аса қажеттіллігі бар ағын су мәселесін талқылады.

Кездесу барысында аймақ басшысы әулиеата өңірінің көрші елмен қарым-қатынасының дұрыс жолда келе жатқанын, дегенмен кейінгі жылдары пандемия салдарынан бірқатар қиындықтарға туындап отырғанын жасырмады. әңгіме барысында алдағы уақытта өзара ынтымақтастық аясында мәдени байланыс, сауда-саттықты күшейте түсіп, бірлескен спорттық шаралар, жәрмеңкелер, көрмелер өткізу бойынша жұмыстарды жандандыру жайы сөз етілді.

Сонымен қатар, «Қарасу» бақылау-өткізу пунктінің жанында «Қордай» шекарамаңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы тілге тиек етілді. Басқа да бақылау-өткізу бекеттерін модернизацялаудан өткізу жайы назарға алынды.

Өз кезегінде Рәпіл Жошыбаев алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.