Нұр-Сұлтанда оқушылардың көзі кварцтан күйіп қалды

0 22

Нұр-Сұлтан мектептерінің бірінде кварц қосылып тұрған кабинетте емтихан кезінде балалардың көзі күйіп қалды.

Онда оқиға Назарбаев Зияткерлік мектебі IB-де болғаны айтылады.

Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кварц астында отырған мектеп оқушылары № 2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілгенін хабарлады.

«2004 жылы туған үш бала, 2005 жылы туған бір бала зардап шекті. Олардың барлығына жеңіл дәрежелі электроофтальмия (көз алмасының зақымдануы) диагнозы қойылды. Мамандардың қарауынан кейін төртеуі де үйлеріне жіберілді», — деді дәрігерлер.

Назарбаев Зияткерлік мектептебі (НЗМ) баспасөз қызметі емтихан кезінде балалардың көзі күйіп қалған жағдайға қатысты -Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кварц астында отырған мектеп оқушылары № 2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілгенін хабарлады.

Назарбаев Зияткерлік мектептебі (НЗМ) баспасөз қызметі емтихан кезінде балалардың көзі күйіп қалған жағдайға қатысты түсінік берді.

«Оқиға Халықаралық бакалавриат мектебінде болды, шам қосулы қалған. Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр. Бұл емтихан кезінде болды», — деп хабарлады НЗМ өкілі.

Автономды білім беру ұйымының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, оқиға 7 маусымда болған.

«Барлық кінәлі жазаланады. 2021 жылы 8 маусымда балалар медициналық тексеруден өтуі үшін емтиханнан босатылды. Емдеуге және оңалтуға қажет барлық шығынды ұйым өтейді. Барлық Зияткерлік мектепте бактерияға қарсы шамдарды пайдалану бойынша қосымша нұсқаулықтар өткізіледі», — деп толықтырды білім беру ұйымындағылар.
«Бақытты қалаға бір билет» байқауының жеңімпазы анықталды

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.