«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
Байзақ ауданында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты аудандық патриоттық іс-шара өтті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ауданымызда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында аудандық патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұранының тарихы мен маңызы туралы мағлұмат алып, ел тәуелсіздігінің басты нышандарына деген құрметтерін білдірді. Сондай-ақ патриоттық әндер шырқалып, жастар арасында танымдық викториналар мен пікір алмасулар өткізілді.![]()

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігі мен егемендігінің символы, халқымыздың бірлігі мен тұтастығын айқындайтын қасиетті құндылықтар. Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың парызы.