Мемлекеттік қызмет сапасы артады

0 155

Халық көрсетілетін мемлекеттік қызметке барынша оңай қол жеткізуі керек. Бұл бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Жалпы әулиеаталақтар халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін  мемлекеттік қызметтің 687 түрінің 95 пайызын онлайн режимде алады. Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай мемлекеттік қызмет көрсету саласында саннан сапаға баса мән берілген. Әкімшілік кедергілерді жойып, халықтың арыз-шағымына тиісті органдарға жеткізу жергілікті жердегі салалық ведомство жұмысының негізгі бағытына жатады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» акционерлік қоғамының облыс бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Зейнел-Нәби Сұлтанбаевтың айтуынша Жамбыл облысында 16 фронт-офисте халыққа 336 маман қызмет көрсетеді. Өз кезегінде фронт-офистер халыққа мейлінше сапалы қызмет көрсету, кейбір қызмет түрлерінде тұрғындардың талап-тілегіне сай әрекет етуге мән береді.
– Жыл басынан бергі алты айда өңірдегі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 553 624 қызмет көрсетілген. Азаматтар  1595 қызметті электронды режимде алса қалған  546 537  өз-өзіне қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілген.
Қазір біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл бағытта «Нәтиже» пилоттық жобасы қолға алынбақ. Корпорацияның фронт-офистерін жүзеге асырылатын жоба аясында 4 854 қызметкер оқытылады. Пандемия байланысты қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары онлайн режимде жүргізілді.
Жыл басынан бері облыстық филиалдың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасына халық тарапынан 90 өтініш-алғыс түсті,– деді Зейнел-Нәби Сұлтанбаев.
Корпорацияның облыстық филиалы алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету саласында жоғары сапаға қол жеткізу үшін облыстық полиция департаментімен тығыз әріптестік байланысты жолға қояды. Нәтижесінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында көші-қон полициясы қызметкерлерінің саны артады.
Сонымен қатар жамбылдықтардың сұранысына сай  цифрлық қолтаңбаларды беру, ең басты орталықтарға халық тарапынан түсетін  арыз-шағымды мәселелері  де күн тәртібінде. Бұл бағытта мекеме жергілікті атқарушы органдармен және салалық ведомстволардың өңірдегі өкілдіктерімен бірлесе жұмыс жүргізіп одан жоғары нәтиже шығаруға күш салады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.