Мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндігі баршаға қолжетімді

0 136

Бүгінде мемлекет жүргізіп отырған саясаттың басым бағыттарының бірі – халықтың тұрмыс-тіршілігін барынша қолайлы етіп, елдің мемлекеттік қызмет алуын жеңілдету. Бұл тұрғыда мемлекетіміз «Бір терезе» қағидатын жүзеге асыру арқылы жұртшылықтың есіктен-есікке сабылмай, тірлігін әп-сәтте бітіруіне мүмкіндік алып берді. Одан бөлек, электронды жүйе арқылы халықтың үйден шықпай-ақ қызмет алуына жағдай жасалуда. Аталған игі шаруалардың сәтімен жүзеге асуына «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы арқау болып отырғаны даусыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында « Цифрлық саладағы қызметтер мен тауарлардың экспорты 2025 жылға қарай кемінде 500 миллион долларға жетуге тиіс.

Осы және басқа да міндеттер мемлекеттік секторды толығымен «цифрлық қайта жүктеуді» талап етеді. Мұндағы бұрыннан келе жатқан басты түйткіл – мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара тиімді кіріктірілмеуі. Бұл мәселе түбегейлі әрі тезірек шешімін табуы керек.

Біріншіден, «Электронды үкіметтің» мүлде жаңа құрылымын жасау керек. Мемлекеттік сектордың барлық ІТ-бастамасы тек қана қазақстандық мемтехтың жаңа платформасына негізделеді. Бұл платформа қайталауларды, тиімсіз шығыстарды және бюрократияны жояды. Мемлекеттік қызметтер азаматтарға смартфоннан 100 пайыз қолжетімді болады», – деген еді.

Бүгінде өңірімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызмет көрсету сапасы жетілдіріле түсуде. Мәселен енді бала тууына байланысты берілетін төлемдерді тұрғылықты тіркеу орнынан тыс рәсімдеуге де мүмкіндік туып отыр. нақты айтқанда, баланың туылуына және бір жасқа толғанына дейінгі күтіміне байланысты төленетін жәрдемақыны ресімдегісі келетін қазақ елінің азаматтары енді тұрғылықты жеріне қарамастан, еліміздің кез келген халыққы қызмет көрсету орталықтарына барып, олар ұсынған қызметке жүгіне алады. Бұрын тұрақты тіркеудің болуы және тіркелген жері бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінетін. Мұндай қызметті алуы үшін халықтың бұрын тек тұрғылықты жеріндегі мекеме қызметіне жүгінуі – әлеуметтік төлемдерді ресімдеудің басты критериінің бірі болатын.

– Экстерриториалды қағидат тұрғылықты тіркеу орнына тәуелді болмай, клиенттерімізге қозғалыс еркіндігін береді. Соның арқасында қазақстандықтар баланың тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақыны, тіркелген мекенжайына қарамастан, елдің кез келген ХҚО-да бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді ресімдей алады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Жамбыл облыстық филиалының тараз қаласындағы №2 бөлімшесінеің басшысы Еркін Жаппаров.

Leave A Reply

Your email address will not be published.