Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді
– Бұл игі жобаның биылғы ерекшелігі – пәтерлер Астанада ғана емес, Алматыда, сонымен қатар еліміздің барлық облысында да берілетін болды. Мұндағы мақсат – өңірлік журналистиканы дамыту және әріптестерді әлеуметтік тұрғыда қолдау. Мереке қарсаңында облыстық ақпарат құралдарының қызметкерлері, сондай-ақ республикалық БАҚ-тардың жергілікті тілшілері қоныс тойын тойлағалы жатыр. Тіпті орталықтан шалғай елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, бұл жолы Қостанай облысының Арқалық қаласында және Түркістан облысының Созақ ауданында тұратын әріптестеріміз үйлі болмақ, – деді А.Смадияров.
Биыл БАҚ қызметкерлеріне 66 пәтер беріледі. Оның ішінде Астана қаласында – 15, Алматы қаласында – 15, қалған 18 аймақта 2 пәтерден бөлінді.
Баспанаға үміткерлерді анықтау, пәтерлерді даярлау жұмыстарын «Dara» Президенттік бастамаларды қолдау қоры, Президенттің Іс басқармасы, жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ редакциялары бірлесе жүргізді.
Атап өтерлік жайт, өткен үш жылда Президент атынан БАҚ саласының 200 қызметкеріне баспана берілді.
https://baq-orda.kz/article/memleket-bassysynyn-atynan-astanada-bir-top-baq-qyzmetkerine-pater-berildi