Мәсімов кетіп, Скляр қызметке келді

0 820

Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы болып Василий Скляр тағайындалды. Бұл туралы Telegram-да хабар тарады.

Ол – Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың інісі.

Василий Скляр Павлодар облысы Полиция департаментін бұған дейін басқарған Нұрлан Мәсімовтің орнына қызметке тағайындалды.

Нұрлан Мәсімов – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің бауыры. Қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің ісі «аса құпия» түрде тергеледі.

Бұған дейін Нұрлан Мәсімовтің Павлодар облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен кеткенін жазған болатынбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.